Теннис: Путинцева Гуанчжоу турнирінің ширек финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 61-інші ракеткасы Юлия Путинцева Гуанчжоу турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 227-інші орында тұрған германиялық Сабина Лисицкимен күш сынасты.

Ю.Путинцева бірінші партияны 6:3 есебімен ұтты.

Екінші сетте де сәтті ойнап, брейк жасап, 3:1 есебімен алға шықты. Осы басымдылығынан айырылмай, бұл партияда да 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 20 минутқа созылды.

Ю.Путинцева ширек финалда Украина елінің өкілі, рейтингте 117-інші сатыда тұрған Катерина Козловамен шеберлік байқасады. К.Козлова ширек финалға оңай шықты, өйткені оның екінші айналымдағы қарсыласы, америкалық Дженнифер Брэйди жарысты жалғастырудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Гуанчжоу турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Жүлде қоры 250 мың АҚШ доллары болатын аталмыш жарыс 22 қыркүйек күні мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар