Теннис: Путинцева Гуанчжоу турнирін сәтті бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 61-інші ракеткасы Юлия Путинцева Қытайда өтіп жатқан Гуанчжоу турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 87-інші орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен күш сынасты.

Ю.Путинцева екі партияда да қарсыласын бет қаратпай, 6:1, 6:1 есебімен ұтты. Ол матч барысында алты бірдей брейкке қол жеткізді.

Кездесу 1 сағат 8 минутқа созылды.

Юлия Путинцева екінші айналымда Германия елінің өкілі, әлемнің 227-інші ракеткасы Сабина Лисицкимен кездеседі. Ол ресейлік Вера Звонареваны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Жүлде қоры 250 мың АҚШ доллары болатын Гуанчжоу турнирі 22 қыркүйек күні мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын тағы бір қазақстандық теннисші, бүгін жаңартылған рейтингте 65-тен 94-інші орынға сырғып кеткен Зарина Диястың іріктеу сайыстарынан сәтті өтіп, Токионың негізгі турниріне жолдама алғанын жазған болатынбыз. Ол алғашқы айналымда жүлде қоры 1 млн АҚШ долларын құрайтын осы турнирдің 8-інші ракеткасы болып тіркелген, рейтингте 25-інші сатыда тұрған чехиялық Барбора Стрыцовамен кортқа шығады..

 

Соңғы жаңалықтар