+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Теннис: Путинцева да Аустралия чемпионатының екінші айналымына шықты

2020 жылғы 21 қаңтар 13:58
Бөлісіңіз:
Теннис: Путинцева да Аустралия чемпионатының екінші айналымына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 38-орында тұрған Ю.Путинцева бастапқы кездесуін әлемнің 37-ракеткасы, тайбэйлік Се Шувэймен өткізді.

Юлия жуырда 25-ке толса, тәжірибелі қарсыласы 33 жаста еді.

Мачты қарқынды бастаған қазақстандық теннисші бірден 3:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін қарсыласы бір брейк жасағанымен, Юлия одан әріге жол берген жоқ – 6:1.

Екінші сет тартыстылау өрбігенімен, Ю.Путинцева басымдылығын жоғалтпай, матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 25-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен немесе рейтингте 89-сатыдағы ресейлік Виталия Дьяченконың біреуімен кездеседі. Биыл Аустралиядағы Брисбен додасында Ю.Путинцева дәл осы Д.Коллинзге есе жіберіп, ширек финалға шыға алмаған болатын.

Осылайша Аустралия ашық чемпионатында жекелей сында Қазақстаннан ерлерден ешкім қалмаса, қыздар түгелдей екінші айналымға өтті.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы – рейтингте 119-сатыдағы бельгиялық Гретье Миннен. Іріктеу сайыстарынан кейін негізгі додаға қосылған ол бүгін Беларусь өкілі Александра Сасновичті тізе бүктірді. Егер Е.Рыбакина Г.Минненді ұтса, онда үшінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен ойнауы әбден ықтимал.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыққанын, ал Михаил Кукушкин мен Александр Бубликтің жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Кейін Зарина Дияс Аустралия біріншілігін жеңіспен бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT