+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Теннис: Путинцева Чарльстон турнирінің жартылай финалына шыға алмады

2021 жылғы 10 сәуір 02:21
Бөлісіңіз:
Теннис: Путинцева Чарльстон турнирінің жартылай финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 31-ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы доданың 11-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 91-орында тұрған черногориялық Данка Ковиничпен күш сынасты.

Рейтингісі төмен болғанымен, черногориялық теннисші оңай шағылатын жаңғақ емес, тәжірибесі де баршылық. Ол үшінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, чехиялық Петра Квитованы 6:4, 6:1 есебімен жеңіп кеткен болатын.

Қарсыластар осыған дейін өзара екі мәрте кездессе, соның екеуінде де қазақстандық теннисші жеңіске жеткен екен.

Бірінші партияда алдымен черногориялық спортшы брейкпен алға шыққанымен, Ю.Путинцева таразы басын теңестірді. Содан соң Д.Ковинич тағы алға кетті – 4:2. Дегенмен Юлия брейк жасап, есепті қайта теңестірді – 4:4. Тай-брейкте Путинцева жақсы ойнады – 7:6 (7:2).

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте қарсыласының қателігін пайдаланған Д.Ковинич брейк жасай алды. Ю.Путинцева таразы басын теңестіргенімен, Ковинич тағы бір брейкке қол жеткізді. Сосын сетке доп бергенде, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 7:5.

Үшінші, шешуші сетте черногориялық теннисші 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1.

Тартысты бәсеке 2 сағат 52 минутқа созылды.

Д.Ковинич жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың финалына шығу үшін әлемнің 28-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабер немесе рейтингте 36-сатыдағы америкалық Кори Гауфтың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Недовесов пен А.Голубевтің Хорватиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT