Теннис: Путинцева Чарльстон турнирінде Зарина Дияспен өзара кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 31- ракеткасы Юлия Путинцева Чарльстон (АҚШ) WTA 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 11-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы кездесуін рейтингте 149-орында тұрған ұлыбританиялық Хэрриет Дартпен өткізді.

Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).

Путинцева екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Тартысты бәсеке 2 сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Ю.Путинцева екінші айналымда отандасы Зарина Дияспен шеберлік байқасады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте 118-сатыдағы америкалық Кэти Макналлимен кездесті.

Бірінші сет 4:6 есебімен қарсыласының пайдасына шешілгеннен кейін қазақстандық теннисші жарысты жалғастырудан бас тартты.

Жүлде қоры 565 мың АҚШ долларынан асатын Чарльстон додасы 11 сәуірде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің ATP чемпиондық кестесінде үздік ондыққа кіргенін, Зарина Диястың Чарльстон турнирін жеңіспен бастағанын жазған

болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар