Теннис: Путинцева Бирмингем турнирінің жартылай финалына өте алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 19-ракеткасы, германиялық Юлия Гергеспен кездесті.

Германиялық спортшы бірінші партияны 6:3 есебімен ұтса, екіншісінде де сол қарқынынан жаңылған жоқ - 6:2.

Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.

Ю.Гергес финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Бирмингемде әлемнің бірінші ракеткасын ұтқанын, Галина Воскобоеваның жұптық сында жартылай финалға шыққанын, ал Зарина Диястың Истбурн турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар