+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Теннис: Путинцева Аделаида турнирінің екінші айналымына шықты

2021 жылғы 23 ақпан 15:56
Бөлісіңіз:
Теннис: Путинцева Аделаида турнирінің екінші айналымына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық баскетболшы қыздар Қазақстан чемпионы атанды Елордалық спортшылар қарттар үйіндегі аналарды мерекемен құттықтады УЕФА-ның жаңартылған рейтингіндегі Қазақстан құрамасының орны белгілі болды

Осы жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған германиялық Лаура Зигемундпен кездесті.

Бірінші партияда Ю.Путинцева брейк жасап, жеңіске жете алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейкке қол жеткізді. Алайда Л.Зигемунд сол бойда қарымта қайырып, таразы басын теңестірді – 3:3. Дегенмен Ю.Путинцева матчты тағы бір брейкпен бітірді – 6:4.

Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды.

Юлия ширек финалға шығу үшін рейтингте 292-сатыдағы аустралиялық Сторм Сэндерспен таласады. Ол бастапқы кездесуінде отандасы, әлемнің 74-ракеткасы Айла Томляновичті 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти бастаған теннисшілер қатысып жатқан дода 27 ақпанда мәреге жетеді. Жалпы жүлде қоры – 535 мың АҚШ доллары. Өткен жылы осы турнирде финалда украиналық Даяна Ястремскаяны ұтқан Э.Барти чемпион атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шыға алмағанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT