+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Теннис: Попко Аустралия чемпионатының негізгі турниріне өте алмады

2020 жылғы 18 қаңтар 11:50
Бөлісіңіз:
Теннис: Попко Аустралия чемпионатының негізгі турниріне өте алмады

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Кукушкин Марсель турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады Елена Рыбакина WTA рейтингінде ТОП-20 кірген тұңғыш қазақстандық теннисшісі атанды Теннис: Елена Рыбакина Санкт-Петербург турнирінің финалында есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дмитрий Попко Аустралия ашық чемпионатының негізгі турниріне өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 184-ракеткасы Д.Попко іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 229-орында тұрған франциялық Эллиот Беншетримен кездесті.

Бірінші партияда франциялық теннисші 3:1 есебімен алға шыққанымен, Попко таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзіне аудара білді - 6:4.

Екінші сетте Беншетри басымдылығын сақтай алды - 6:2. Ол үшінші, шешуші партияны да жеңіспен тәмамдады - 6:3.

Бәсеке 2 сағат 1 минутқа созылды.

Осылайша Д.Попко негізгі додадан тыс қалды. Онда Қазақстаннан Александр Бублик, Михаил Кукушкин, әйелдер арасында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Зарина Дияс өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Д.Попконың іріктеу сайыстарының финалына шыққанын, Е.Рыбакинаның Хобарт турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT