Теннис: Попко Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 184-орында тұрған Д.Попко алғашқы кездесуін әлемнің 137-ракеткасы, қытайлық Чжичжэнь Чжанмен өткізді.

Матч тартысты өтіп, екі партия да тай-брейкке дейін жетті. Қазақстандық спортшы іріктеу сайыстарының 25-ракеткасы болып тіркелген қарсыласын 7:6 (9:7), 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді.

Бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Д.Попко іріктеу сайыстарының жартылай финалында рейтингте 197-сатыдағы франциялық Энцо Кокомен шеберлік байқасады.

«Үлкен дулыға» турнирінің бірі – Аустралия ашық чемпионаты 20 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтеді. Іріктеу сайысы осы аптаның аяғында мәреге жетіп, негізгі турнирге жолдама алғандар анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Хобарт турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар