Теннис: Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов сербиялық Виктор Троицкимен бірге жұптық сында елордада Forte Challenger 125 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен В.Троицки ширек финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко – грузиялық Александр Метревелимен кездесуі керек еді.

Турнирдің ресми өкілінің мәліметіне қарағанда, А.Метревели жаттығу кезінде бұлшық етін созып алған.

Осылайша қазақстандық-сербиялық жұп ойнамастан жартылай финалға жолдама алды. Олардың жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Бүгін сондай-ақ тағы екі қазақстандық теннисші жұптық сында кортқа шығады. Григорий Ломакин украиналық Владислав Манафовпен бірге канадалықтар Петр Полански мен Брайден Шнурмен шеберлік байқасады. Ал Тимофей Скатов фин Отто Виртаненмен бірге осы доданың 1-ракеткалары, америкалықтар Джексон Уизроу – Натаниэл Лэммонспен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Роттердамда әлемнің жетінші ракеткасын ұтқанын, Т.Скатовтың жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Александр Бублик бүгін Роттердам ATP 500 турнирінің ширек финалына шығу үшін америкалық Томми Полмен таласады.





Соңғы жаңалықтар