Теннис: Недовесов жұптық сында Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Люденшайд (Германия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен украиналық Денис Молчанов бірінші айналымда германиялық Юлиан Ленц – нидерландылық Сэм Вербикті 6:4, 7:5 есебімен ұтты.

Қазақстандық-украиналық жұп ширек финалда аргентиналық Хуан Мануэль Черундоло – перулік Александер Мериноны 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

А.Недовесов пен Д.Молчанов финалға шығу үшін турнирдің 3-ракеткалары, германиялық Андре Бегеманн – франциялық

Альбано Оливеттимен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 176-ракеткасы Дмитрий Попко жекелей сында Верона (Италия) челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Ол ширек финалда рейтингте 219-орында тұрған Джей Кларкпен күш сынасты. Бірінші партияда Д.Попко 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 6:4. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші брейк жасап, 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылықты сақтай алмады. Ақыры 5:7 есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Чикаго жарысын жеңіспен бастағанын, Елена Рыбакинаның Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Е.Рыбакина жұптық сында да Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты.






Соңғы жаңалықтар