Теннис: Недовесов Шымкент турнирінің жартылай финалына өте алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Шымкент челленджер турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 194-орында тұрған А.Недовесов ширек финалда осы турнирдің үшінші, әлемнің 154-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинмен кездесті.
Словакиялық спортшы бірінші сетте 6:2 есебімен басымдылық көрсетсе, екінші партияда да есесін жіберген жоқ - 6:3.
Бәсеке 1 сағат 13 минутқа созылды.
А.Мартин финалға шығу үшін испаниялық Даниэль Химено-Травер немесе чилилік Алехандро Табилоның біреуімен таласады
Осылайша жүлде қоры 54 мың АҚШ долларына бағаланған Шымкент турнирінде жекелей де, жұптық сында да Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Хертогенбос жарысының, ал Александр Недовесовтің Шымкент турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
- Ақтөбеде су добынан ел біріншілігі өтіп жатыр
- Түркістанда футболдан суперкубок ойындары көрерменсіз өтеді
- Футбол: Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды
- Мәди Манатбекұлы Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасын басқарады
-
«Странджа-2021»: Қазақстандық алты боксшы жартылай финалда жұдырықтасады
-
Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің жартылай финалына шықты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам