Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 429.83
RUB 5.96 CNY 55.39
Jańalyqtar

Теннис: Недовесов Шымкент турнирінің ширек финалына шықты

2019 жылғы 13 маусым 13:24 626
Бөлісіңіз:
Теннис: Недовесов Шымкент турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Шымкент челенджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Зарина Дияс Манчестер турнирінің финалында ұтылып қалды Теннис: Александр Бублик Лондонның негізгі турниріне жолдама алды

Дүниежүзілік рейтингте 194-орында тұрған А.Недовесов үшінші айналымда әлемнің 243-ракеткасы, канадалық Стивен Диаспен күш сынасты.

Матчты канадалық спортшы қарқынды бастап, бірінші сетте айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Дегенмен қалған екі партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты бәсеке 2 сағат 4 минутқа созылды.

Жекелей сында Қазақстаннан жалғыз қалған А.Недовесов жартылай финалға шығу үшін осы турнирдің үшінші, әлемнің 154-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартин немесе рейтингте 300-сатыдағы хорватиялық Нино Сердарусицтің біреуімен таласады.

Жүлде қоры 54 мың АҚШ доллары болатын Шымкент жарысы 16 маусымда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Недовесовтің Шымкент турнирін жеңіспен бастағанын, Зарина Диястың Манчестер жарысының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Шымкент, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT