Теннис: Недовесов Astana Open турнирінде жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында Astana Open ATP 250 турнирінің іріктеу сайыстары өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық, дүниежүзілік рейтингте 332-орында тұрған Александр Недовесов әлемнің 114-інші, іріктеу сайыстарының 6-ракеткасы, босниялық Дамир Джумхурмен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты – 3:0. Тағы бір брейк – 5:1. Содан кейін өз геймін де берген жоқ – 6:1.

Екінші сетті де А.Недовесов брейкпен бастағанымен, қарсыласы таразы басын теңестіріп үлгерді – 2:2. Есеп 3:3 болған мезетте қарсыластар брейкпен алмасты – 4:4. Босниялық теннисші партияны брейкпен түйіндеді – 7:5.

Үшінші, шешуші партияда Д.Джумхур брейкпен алға кетті – 3:1. Сосын матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 43 минутқа созылды.

Босниялық спортшы іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 95-ракеткасы, германиялық Янник Ханфманн немесе рейтингте 200-сатыдағы ұлыбританиялық Лиам Бродидің біреуімен күш сынасады.

Еске сала кетейік, қазақстандық теннисшілердің Astana Open турниріндегі қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар