Теннис: Михаил Кукушкин Мельбурн турнирінде өнер көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Мельбурн 2 АТР турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Мельбурн додасы 31 қаңтар – 6 ақпан аралығында өтеді.

Қатысушылар тізіміне Стэн Вавринка, Григор Димитров, Феликс Оже, Борна Чорич, Каспер Рууд сияқты танымал теннисшілер енді.

Бұл 8 ақпанда басталатын Аустралия ашық чемпионаты алдындағы басты доданың бірі болмақ. Коронавирус қатеріне байланысты Аустралия біріншілігінің іріктеу сайыстары

қазіргі кезде әйелдер арасында Дубайда, ерлер арасында Дохада өтуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Анталия турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

А. Бублик бүгін финалда аустралиялық Алекс де Минаурмен бас жүлдені сарапқа салады.



Соңғы жаңалықтар