Теннис: Михаил Кукушкин Лион турнирінің ширек финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 91-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Лион (Франция) турнирінің екінші айналымында аргентиналық Федерико Кориамен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 335-інші сатыда тұрған қарсыласын бірінші партияда 6:2 есебімен ұтты.

Екінші партияда да көп қинала қойған жоқ. Есеп - 6:3.

Осылайша М.Кукушкин жүлде қоры 600 мың АҚШ долларына жуықтайтын Лион турнирінің ширек финалына шықты. Ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 75-інші ракеткасы, франциялық Жиль Симон немесе дүниежүзілік рейтингте 351-інші орында тұрған бельгиялық Йорес Де Лоренің қай жеңгенімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Нюрнберг (Германия) турнирінде әлемнің 10-ыншы ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар