Теннис: Михаил Кукушкин Лион турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 91-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Лион (Франция) турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 196-ыншы орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен шеберлік байқасты. Бұл бәсекеде М.Кукушкин 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.

М.Кукушкин жүлде қоры 600 мың АҚШ долларына жуықтайтын Лион турнирінің ширек финалына шығу үшін әлемнің 335-інші ракеткасы, аргентиналық Федерико Кориямен таласады.

Бүгін сондай-ақ Страсбургте Зарина Дияс венгриялық Тимея Бабошпен, Нюрнбергте Юлия Путинцева әлемнің 10-ыншы ракеткасы, америкалық Слоан Стивенспен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың венгриялық теннисшімен кездесетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар