Теннис: Михаил Кукушкин Лион турниріне қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 91-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Лион (Франция) турниріне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Кукушкин алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 241-інші орында тұрған Франция елінің өкілі Грегуар Баррермен кездеседі.

Қазақстандық теннисші оны жеңген жағдайда екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 58-інші сатыда тұрған австралиялық Джон Миллман немесе әлемнің 87-інші ракеткасы, аргентиналық Николас Кикердің қай жеңгенімен шеберлік байқасады.

Қазіргі кезде Лион турнирінің іріктеу сайыстары өтуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Страсбург турнирінде, Юлия Путинцеваның Нюрнбергте қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз. Осының алдында З.Дияс Рим турнирінде алғашқы айналымнан, М.Кукушкин мен Ю.Путинцева іріктеу сайыстарынан аса алмаған еді.

Соңғы жаңалықтар