Теннис: Кукушкиннің София турниріндегі қарсыласы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Михаил Кукушкин Болгарияның София қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүлде қоры 586 мыңнан астам АҚШ долларына бағаланған аталмыш турнир 4-10 ақпан аралығында өтеді.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 88-сатыда тұрған сербиялық Ласло Дьеремен кездеседі.

Дүниежүзілік рейтингте 11 және 12-орында тұрған ресейлік Карен Хачанов пен грекиялық Стефанос Циципас осы турнирдің бірінші және екінші ракеткалары болып тіркелген. Олар жарысты екінші айналымнан бастайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада өткен Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Михаил Кукушкин шешуші бәсекеде жеңіске жетіп, Қазақстанды финалға шығарғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Аустралия турнирінің жеңімпазы атанды .

Сонымен қатар бүгін Дмитрий Попко Бестон қаласындағы (АҚШ) турнирде финалда чилилік Алехандро Табиломен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар