Теннис: Кукушкиннің Роттердам турниріндегі қарсыласы анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Михаил Кукушкиннің Роттердам (Нидерланды) турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүлде қоры 2 млн АҚШ долларынан асатын жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық теннисші корт иесі, рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған Робин Хасемен күш сынасады.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан турнир 17 ақпанда мәреге жетеді.

Дүниежүзілік рейтингте 7-орында тұрған жапониялық Кей Нисикори жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген. Турнирдің өткен жылғы чемпионы, әлемнің 6-ракеткасы, атақты швейцариялық Роджер Федерер биыл қатыспайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Будапешт турнирінің финалына шыққанын, Астанада Федерация кубогы үшін өткен финалдық матчта Зарина Диястың Чжэн Сайсайды ұтқанын, Юлия Путинцеваның қарсыласына есе жібергенімен, жұптық кездесуде Галина Воскобоева мен Анна Данилинаның Қазақстанға жеңіс әпергенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар