Теннис: Кукушкиннің Лион турниріндегі қарсыласы белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Михаил Кукушкиннің Францияда өтіп жатқан Лион турниріндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 91-інші орында тұрған қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 75-інші ракеткасы, Франция елінің өкілі Жиль Симонмен кездеседі. Екінші айналымда Ж.Симон бельгиялық, әлемнің 351-інші ракеткасы Йорес Де Лорені 7:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Сол секілді бүгін Францияның тағы бір қаласы Страсбургте Қазақстанның бірінші, әлемнің 53-інші ракеткасы Зарина Дияс жартылай финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 31-інші сатыда тұрған ресейлік Анастасия Павлюченковамен таласады.

Тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 93-інші ракеткасы Юлия Путинцева Нюрнберг турнирінің екінші айналымында рейтингте 105-інші орында тұрған америкалық Элисон Рискемен шеберлік байқасады. Егер оны жеңсе, ширек финалда әлемнің 45-інші ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен жолығады.

Бұл үш жарыс та Франция ашық чемпионаты - Ролан Гаррос турнирі алдындағы соңғы дайындық сыны болып есептеледі. Қазіргі кезде бұл доданың іріктеу сайыстары өтуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Лион турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар