Теннис: Кукушкин Венаның негізгі турнирінде өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Қазақстанның бірінші, әлемнің 73-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Венаның негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында бұрынғы отандасы, ресейлік, рейтингте 78-інші орындағы Андрей Рублевпен күш сынасты.

М.Кукушкин 1 сағат 12 минутқа созылған матчта 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, теннисшілер өзара үш кездесу өткізсе, соның екеуінде М.Кукушкин басым түсіп отыр.

Жүлде қоры 2 млн АҚШ долларынан асатын Вена турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші осы турнирдің үшінші ракеткасы болып тіркелген, рейтингте 9-ыншы орындағы болгариялық ГригорДимитровпен шеберлік байқасады.

Айтулы дода 28 қазан күні мәреге жетеді. Өткен жылы финалда франциялық Люка Пуи өзінің отандасы Жо-Вильфрид Цонганы тізе бүктіріп, жеңімпаз атанған болатын.

Биылғы турнирде рейтингте 7-інші орындағы австриялық Доминик Тим бірінші ракетка болып тіркелді.

Соңғы жаңалықтар