Теннис: Кукушкин Уимблдонда турнирдің 9-ракеткасын ұтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 58-орында тұрған М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 12-інші, осы турнирдің 9-ракеткасы, америкалық Джон Изнермен күш сынасты.

Осыған дейін қарсыластар өзара төрт кездесу өткізіп, соның бәрінде де америкалық теннисші жеңіске жеткен екен.

Бұл жолы бірінші партияда брейк жасап, 4:2 есебімен алға кеткен қазақстандық теннисші сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:4.

Екінші сет тай-брейкке ұласып, америкалық спортшы сәтті өнер көрсетті - 7:3.

Үшінші партияны брейк жасаған Д.Изнер өз пайдасына жазды - 6:4.

Есесіне төртінші сетте М.Кукушкин қос бірдей брейкпен есе қайырды - 6:1.

Бесінші, шешуші партияда брейк жасай білген М.Кукушкин матчты жеңіспен түйіндей білді - 6:4.

Тартысты бәсеке 3 сағат 8 минутқа созылды.

М.Кукушкин үшінші айналымда әлемнің 33-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруффпен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкин Александр Бубликпен бірге жұптық сында да бес сеттік матч өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар