Теннис: Кукушкин Шанхай турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Шанхай ATP турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффенмен кездесті.

Бірінші партияда бельгиялық спортшы басым түсті – 6:2.

Екінші сетте есеп 0:3 болған мезетте М.Кукушкин матчты жалғастырудан бас тартты.

Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Д.Гоффен ширек финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, швейцариялық Роджер Федерермен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Тяньцзинь турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар