Теннис: Кукушкин Шанхай турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Шанхай ATP турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған М.Кукушкин алғашқы айналымда әлемнің 50-ракеткасы, сербиялық Миомир Кецмановичпен кездесті.

Қазақстандық теннисші 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 43 минутқа созылды.

М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффен немесе рейтингте 52-сатыдағы франциялық Ришар Гаскенің біреуімен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 8,3 млн астам АҚШ долларына бағаланған Шанхай додасы 13 қазанда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің әлемдік рейтингте көтерілгенін, Ю.Путинцеваның Тяньцзинь турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар