Теннис: Кукушкин Санкт-Петербор турнирінің жартылай финалына өте алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Михаил Кукушкин Санкт-Петербор турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейтингте 57-орында тұрған қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 64-ракеткасы, португалиялық Жоау Соузамен кездесті.

Бірінші партия барысында М.Кукушкин бірнеше мәрте брейк жасайтындай мүмкіндікті мүлт жіберді. Тай-брейкті де тым-тәуір бастап еді. Алайда қарсыласының жолы болып кетті - 7:6 (8:6).

Екінші сетте Соуза бірден брейкпен алға шықты - 2:0. Ақыры сол қарқынын үдетпесе, кеміткен жоқ - 6:2.

Бәсеке 1 сағат 50 минутқа созылды.

Ж.Соуза жартылай финалда әлемнің 15-ракеткасы, хорватиялық Борна Чоричпен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Санкт-Петербор жарысының сирек финалына шыққанын, ал Зарина Диястың Ухань турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар