Теннис: Кукушкин Санкт-Петербор турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 87-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Санкт-Петербор турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші аталмыш жарыстың алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 61-інші сатыда тұрған өзбекстандық Денис Истоминмен шеберлік байқасты.

М.Кукушкин бірінші партияда 7:5 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте Д.Истомин 4:2 есебімен жеңіп жатқан кезде жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты.

Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды.

Михаил Кукушкин екінші айналымда осы жарыстың 8-інші ракеткасы болып тіркелген, рейтингте 35-інші орындағы ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі.

Жүлде қоры 1 175 190 АҚШ долларына бағаланған турнир 23 қыркүйекте мәреге жетеді. М.Кукушкин 2010 жылы осы турнирдің жеңімпазы атанған болатын. Бұл - оның өз спорттық жолындағы жалғыз ғана титулы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Гуанчжоу турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар