Теннис: Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 105-ракеткасы Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Кукушкин алғашқы айналымда әлемнің 46-ракеткасы, испаниялық Алехандро Давидович-Фокинамен кездесті.

Испаниялық спортшы матч барысында өзінің топырақ төсенішінде жақсы ойнайтынын көрсете білді. Бастапқы екі партияда 6:4 есебімен басым түсті. Үшінші сетте есеп 3:3 болған мезетте брейк жасаған ол ойын тізгінін берген жоқ – 6:3.

Бәсеке 2 сағатқа созылды.

А.Давидович-Фокина екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Гуркач немесе рейтингте 154-сатыда тұрған нидерландылық Ботик Ван де Зандшульптың біреуімен шеберлік байқасады.

Дүйсенбі күні Қазақстаннан үш бірдей теннисші кортқа шығады. Александр Бублик әлемнің 2-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен, әйелдер арасында Юлия Путинцева тунис қызы Онс Жабер, Зарина Дияс ұлыбританиялық Хизер Уотсонмен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастағанын, Жібек Құламбаеваның Шымкент турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы Мажарстанда өткен турнирдің жеңімпазы атанды.



Соңғы жаңалықтар