+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Теннис: Кукушкин Римде іріктеу сайыстарының финалына шықты

2020 жылғы 13 қыркүйек 19:10
Бөлісіңіз:
Теннис: Кукушкин Римде іріктеу сайыстарының финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Рим ATP турнирі іріктеу сайыстарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 90-ракеткасы М.Кукушкин іріктеу сайыстарының жартылай финалында рейтингте 112-орында тұрған жапониялық Таро Дэниелмен кортқа шықты.

Қазақстандық теннисші жекпе-жек барысында басымдылығын айқын байқатып, қарсыласын 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды.

М.Кукушкин іріктеу додасының финалында рейтингте өзінен бір саты төмен тұрған германиялық Доминик Кёпферды тізе бүктірсе, негізгі турнирге өтеді. Д.Кёпфер бүгін осы жарыстың екінші, әлемнің 52-ракеткасы, франциялық Жиль Симонды 7:5, 2:6, 6:3 есебімен ұтып кетті.

Жүлде қоры 3,854 млн еуроны құрайтын Рим мастерс турнирі 14-22 қыркүйек аралығында болмақшы. Оған Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-ракеткасы Александр Бублик арнайы шақырту алды. Оның қарсыласы – әлемнің 38-ракеткасы, 2014 жылғы US Open жарысының жеңімпазы, хорватиялық Марин Чилич.

Әйелдер арасындағы осы турнирде Қазақстанның бірінші және екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бақ сынайды.

Әлемнің 17-інші, жарыстың 10-ракеткасы Е.Рыбакина рейтингте 29-орында тұрған ресейлік Екатерина Александровамен кортқа шығады. Е.Александрова қазақстандық теннисшіні биыл Шэньчжэнь (Қытай) турнирінің финалында және Цинциннати додасының алғашқы айналымында ұтқан болатын. Енді қарымта қайтарар кез келді.

Биыл US Open турнирінде табысты өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жеткен әлемнің 35-ракеткасы Ю.Путинцева рейтингте 48-орындағы швециялық Ребекка Петерсонмен кездеседі. Р.Петерсон бұдан бір жыл бұрын Қытайдағы Наньчан жарысының финалында Е.Рыбакинаны сүріндірген еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Рим жарысының іріктеу сайысын жеңіспен бастағанын, қазақстандық теннисшінің Бухарестегі турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT