Теннис: Кукушкин Марсель турнирінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Михаил Кукушкин Марсель (Франция) турнирінің ширек финалында ресейлік Андрей Рублевпен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші рейтингте 115-орындағы, 21 жасар қарсыласын екі партияда тізе бүктірді.
Бірінші сетте есеп 6:4 болса, екіншісінде М.Кукушкин айқын басымдылық көрсетті - 6:1.
Небәрі 1 сағат 5 минутқа созылған кездесуде қазақстандық тәжірибелі спортшы 5 эйспен бірге төрт брейк жасай білді. Ресейлік теннисшінің есебінде 5 эйс пен 1 ғана брейк.
Осымен М.Кукушкин қарсыласын үшінші мәрте жеңді. Бұған дейін тек бір ойында оған есе жіберді.
Жүлде қоры 668 485 еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалында Михаил Кукушкин әлемнің 75-ракеткасы, франциялық Уго Умбер немесе рейтингте 143-сатыдағы германиялық Маттиас Бахингердің бірімен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің рейтингте үздік елудікке енгенін және Марсель турнирінің екінші айналымына, сосын ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
.
- Футбол: «Шахтер» командасына бас бапкер тағайындалды
- Футбол: Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді
- Қазақстанда 2020 жылдың үздік шахматшылары анықталды
- Қостанайдың «Тобылы» алты футболшымен қоштасты
-
Беларусь 2021 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырылды
-
Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам