Теннис: Кукушкин Марсель турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Михаил Кукушкин Марсель (Франция) турнирінің екінші айналымында канадалық Денис Шаповаловпен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
М.Кукушкин 31 жастағы тәжірибелі теннисші болса, әлемнің 25-ракеткасы Д.Шаповалов биыл ғана 20-ға толады.
Ойынды сәтті бастаған қазақстандық теннисші бірінші партияны 6:4 есебімен ұтты.
Тартысты өткен екінші сет 6:6 болып, тай-брейкке ұласты. Оны минибрейкпен бастаған М.Кукушкин 3:0 есебімен алға шықты. Ақыры жеңісті уысынан шығарған жоқ - 7:4.
Бәсеке 1 сағат 25 минутқа созылды.
Жүлде қоры 668 485 еуроға бағаланған турнирдің ширек финалында Михаил Кукушкин әлемнің 48-ракеткасы, италиялық Маттео Берреттини немесе ресейлік, рейтингте 115-орындағы Андрей Рублевтің бірімен кортқа шығады.
Қазақстандық теннисшілер Денис Евсеев пен Александр Недовесов Бангкок (Таиланд) қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінде қарсыластарына есе жіберді.
Тағы бір қазақстаандық Александр Бублик Бергамо (Италия) жарысында бақ сынауда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің рейтингте үздік елудікке енгенін және Марсель турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.
- Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады
- Ұлттар кубогі: Қазақстандық боксшы қыздар 5 «алтын» алды
- Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Ақтөбе» грек командасын жеңді
- Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жарыстың келесі сатысына шықты
-
Футбол: «Тобыл» ойыншысы Франция чемпионатына ауысты
-
Теннис: Денис Евсеев Түркиядағы турнирдің финалында ұтылып қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам