Теннис: Кукушкин Лион турнирінің жартылай финалына шыға алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 91-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Лион турнирінің ширек финалында франциялық Жиль Симонмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 75-інші орында тұрған Ж.Симонды бірінші партияда 6:4 есебімен ұтты. Бірақ келесі сетте дәл сондай есеппен есе жіберді.

Шешуші, үшінші партияда Ж.Симон тай-брейкте 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Тартысты кездесу 2 сағат 39 минутқа созылды.

Ж.Симон финалға шығу үшін әлемнің 10-ыншы ракеткасы, америкалық Джон Иснерді жеңген британдық Кэмерон Норримен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Страсбург турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар