+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Теннис: Кукушкин «Кремль кубогы» жарысын жеңіспен бастады

2019 жылғы 15 қазан 17:10
Бөлісіңіз:
Теннис: Кукушкин «Кремль кубогы» жарысын жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Мәскеуде «Кремль кубогы» ATP турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 36-орынға көтерілді Қазақстандық теннисші қыз Чилидегі ITF турнирінің финалына шықты Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы финалына қатысады

Әлемнің 58-ракеткасы М.Кукушкин алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 113-орында тұрған ресейлік Евгений Донскоймен күш сынасты.

Бірінші партияны қазақстандық теннисші 6:4 есебімен ұтты.

Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте М.Кукушкин брейк жасап, алға шықты – 4:2. Ақыры осы басымдылығын пайдалана білді – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды.

М.Кукушкин ширек финалға шығу үшін осы доданың жетінші, әлемнің 44-ракеткасы, «Кремль кубогының» өткен жылғы финалисі, франциялық Адриан Маннариномен таласады.

Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларына жуықтайтын «Кремль кубогы» додасы 20 қазан күні мәреге жетеді.

Бүгін сондай-ақ Александр Бублик Мәскеуде тағы бір ресейлік Андрей Рублевпен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бублик пен М.Кукушкиннің жұптық сында «Кремль кубогының» ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT