+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Теннис: Кукушкин Истбурн турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

2021 жылғы 20 маусым 17:41
Бөлісіңіз:
Теннис: Кукушкин Истбурн турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Истбурн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Юлия Путинцева WTA рейтингінде жоғарылады Юлия Путинцева екінші рет WTA турнирінде жеңімпаз болды Александр Бублик Hall of Fame Open турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды

Әлемнің 105-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін рейтингте 355-орында тұрған америкалық Ник Чеппеллмен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:2 есебімен басым түсті. Екіншісінде де шеберлігін таныта білді – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 10 минутқа созылды.

М.Кукушкин енді іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 91-ракеткасы, италиялық Андеас Сеппиді жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Жүлде қоры 547 мың еуродан асатын, көгал төсенішіндегі Истбурн додасы 21-26 маусым аралығында өтеді. Онда Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Александр Бублик те өнер көрсетеді.

2019 жылы бұл жарыста америкалық Тейлор Фритц топ жарған еді. Өткен жылы пандемияға байланысты өткізілген жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Чехиядағы турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT