Теннис: Кукушкин Будапешт турнирінің екінші айналымына өте алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 40-ракеткасы Михаил Кукушкин Будапешт турнирінің алғашқы айналымында италиялық Маттео Берреттинимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

31 жасар М.Кукушкин тәжірибелі теннисші болса, әлемнің 55-ракеткасы М.Берреттини 1996 жылғы еді.

Кездесуді сәтті бастаған италиялық теннисші бірінші партияны 6:4 есебімен ұтты.

М.Берреттини екінші сетте де брейк жасап, 2:0 есебімен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен есепті 5:2-ге жеткізді. Италиялық спортшы матчқа доп бергенде ғана М.Кукушкин брейк жасай алды - 3:5. Алайда М.Берреттини көпке ұзатқан жоқ - 6:4.

Италиялық теннисшінің басымдылығымен өткен бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.

Жүлде қоры 586 140 еуроға бағаланған Будапешт турнирі 28 сәуірде мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Будапешт турниріндегі қарсыласы белгілі болғанын, Дмитрий Попконың АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар