Теннис: Кукушкин АҚШ-тың ашық чемпионатын сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тың ашық чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейтингте 90-орында тұрған Михаил Кукушкин әлемнің 78-ракеткасы, мажарстандық Аттила Балашпен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші 6:4, 7:5, 6:4 есебімен үш партияда жеңіске жетті

Бәсеке 2 сағат 16 минутқа созылды.

М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, чилилік Кристиан Гарин немесе рейтингте 244-орында тұрған америкалық Улисс Бланчтың біреуімен кездеседі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 54-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда рейтингте өзінен он саты жоғары тұрған ұлыбританиялық Кайл Эдмундпен кездесті.

Қазақстандық теннисті матчты сәтті бастады – 6:2. Алайда содан кейін ойын тізгінін беріп қойды – 5:7, 5:7, 0:6.

Біршама тартысты өткен бәсеке 2 сағат 49 минутқа созылды.

К.Эдмундтың келесі қарсыласы – әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Прага турнирін жеңіспен бастағанын, Дмитрий Попконың рейтингіде жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.

А.Данилина екінші айналымда түркиялық Пемра Озгенге 1:6, 6:3, 0:6 есебімен жол берді.

Рейтингте 165-сатыға көтерілген Д.Попко Острава (Чехия) челленджер турнирінде бақ сынап, бірінші айналымда рейтингте 179-орындағы ресейлік Роман Сафиуллинмен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар