Теннис: Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Михаил Кукушкин Финикстегі (АҚШ) челленджер турнирін сәтті өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 96-сатыда тұрған Беларусь елінің өкілі Илья Ивашкамен кездесті.

Біршама тартысты өрбіген матчта М.Кукушкин 6:2, 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.

Бәсеке 1 сағат 44 минутқа созылды.

Михаил Кукушкин ширек финалда әлемнің 86-ракеткасы, чилилік Николас Харримен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінің алғашқы айналымынан аса алмағанын жазған болатынбыз. Кейін әйелдер арасында Юлия Путинцева да жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар