Теннис: Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Михаил Кукушкин Финикс (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Михаил Кукушкин жартылай финалда дүниежүзілік рейтинте 168-орында тұрған италиялық Сальваторе Карузомен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші бірінші партияны 6:1 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Екінші сет әлде қайда тартысты өрбіді. Есеп 5:4 болып тұрған мезетте М.Кукушкин матчболды пайдалана алмады. Дегенмен тағы бір сондай мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ - 7:5.

Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды.

Михаил Кукушкин финалда әлемнің 57-ракеткасы, тағы бір италиялық Маттео Берреттини немесе дүниежүзілік рейтингте 88-сатыда тұрған аргентиналық Гвидо Андреоццидің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Финикс турнирінің ширек және жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар