USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Теннис: Қазақстандық қыздар Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

2021 жылғы 24 қараша 11:54
Бөлісіңіз:
Теннис: Қазақстандық қыздар Азия біріншілігінің жартылай финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық қыздар елордадағы «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Australian Open: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қыздар 2019 жылғы чемпиондық атағын сәтті қорғауда.

Жарыстың екінші күні қазақстандық қыздар Малайзия құрамасын 3:0 есебімен ұтты. Сабина Шухратова Адани Райнанға бірде-бір гейм берген жоқ. Ева Корышева да Дани Даниеланы оңай ұтты – 6:2, 6:3. Е.Корышева мен Эвелина Балаганская жұптық сында Абд Хазли – Умирахтан басым түсті – 6:2, 6:1.

Топтық сындағы соңғы матчын қазақстандықтар Үндістанмен өткізеді. Жеңіліссіз келе жатқан қос команда да жартылай финалға жолдама алды. Енді қай жеңгені жартылай финалға бірінші орынмен шығады.

Өкінішке қарай, қазақстандық ұлдар Таиланд құрамасынан жеңіліп қалды – 1:2. Әуелі Мадияр Тағыбеков Суратитотин Кан Тхатқа есе жіберді – 3:6, 2:6. Ярослав Пшеничный жекелей сында таразы басын теңестірді. Әйтсе де жұптық сында Я.Пшеничный мен М.Тағыбеков Кан Тхату меен Пнгайядан айласын асыра алмады – 5:7, 2:6. Енді қазақстандық ұлдарға қалайда жартылай финалға шығу үшін Иордания құрамасын ұтуы керек.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің эйс жасаудан әлемде үздік нәтиже көрсеткенін, Қазақстан құрамасы Азия біріншілігін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT