Теннис: Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогы іріктеу сайысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, іріктеу матчтары 4-9 сәуір күндері өтеді.

Қазақстан қыздар құрамасы D тобында Оңтүстік Корея, Сингапур және Вьетнам командаларымен сынға түседі. Ертең қазақстандықтар оңтүстіккореялықтармен ойнайды.

Қазақстан намысын Айя Нұпбай, Асылжан Арыстанбекова және Карина Жұмаджанова қорғайды. Капитаны - Ярослава Шведова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің халықаралық жарыстардың финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 13 жастағы Заңғар Нұрланұлы ҚазАқпаратқа сұхбат беріп, «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жеткісі келетінін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар