Теннис: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Аустралиямен ойнайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан Juniors Billie Jean King Cup іріктеу сайыстарының ширек финалында Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Аустралиямен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, D тобындағы соңғы ойынында қазақстандық қыздар Сингапур командасын 3:0 есебімен ұтты.

Сөйтіп өз тобынан бірінші орынмен ширек финалға жолдама алды.

Қазақстандықтардың келесі қарсыласы осал емес. Аустралия құрамасы жасөспірімдер арасында бес дүркін әлем чемпионы атанған. Соңғы рет олар 2011 жылы үздік шыққан. Сол кезде оның құрамында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, жекелей сында «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы Эшли Барти ойнап, өз құрамасына жеңіс әперген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық қыздардың әлем чемпионаты іріктеу сайысының ширек финалына шыққанын, Дмитрий Попконың Португалиядағы турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Чарльстон турнирінің екінші айналымына шықты.





Соңғы жаңалықтар