Теннис: Қазақстан құрамасы Федерация Кубогындағы ойындарын бастады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстанның теннистен әйелдер құрамасы Федерация Кубогындағы ойындарын бастады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Ақпанның 7-сі мен 10-ы аралығында, Нью-Делиде (Үндістан) Федерация кубогының Азия/Мұхит елдері I тобының матчтары басталады, онда 8 құрама Әлемдік топтың іріктеу кезеңіне шығу үшін өзара бақ сынайды.

Қазақстан құрамасының құрамында Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Гузаль Айнитдинова және Жібек Кұламбаева өнер көрсетеді.

Жеребе тарату шарасының нәтижесі бойынша еліміздің командасы «А» тобында өнер көрсетеді. Бұл топта олар Қытай, Үндістан және Гонконг командаларымен бақ сынасады. «Б» тобында Жапония, Өзбекстан, Тайланд, Оңтүстік Корея және Қытайдың Тайпейі өзара мықтыларды анықтайды. Бұдан әрі «А» және «Б» тобындағы жеңімпаздар Әлемді топтың II іріктеу кезеңіне берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар