+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Теннис: Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды

2021 жылғы 15 сәуір 21:11
Бөлісіңіз:
Теннис: Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде өтетін Қазақстан – Аргентина матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты Қарағандыда үлкен теннистен республикалық турнир жеңімпаздары анықталды Теннис: Елена Рыбакина Мадрид турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Аргентинаның Кордова қаласында 16-17 сәуір күндері өтетін матчтың алғашқы бәсекесінде Юлия Путинцева корт иесі, түбі украиналық Надя Подороскамен кездеседі.

Бұл жұп жұма күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20.00-де сынға түседі.

Өткен жылы Ролан Гаррос турнирінде айды аспанға шығарып, жартылай финалға дейін жеткен Н.Подороска Аргентинаның бірінші ракеткасы саналады. Сол айтулы додада Ю.Путинцеваны да ұтып кеткен болатын. Ол қазір дүниежүзілік рейтингіде 45-інші, ал Ю.Путинцева 30-орында тұр.

Бұл ойын біткеннен кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаға кезек келеді. Ол Аргентинаның екінші ракеткасы Мария Лурдес Карлені сынап көреді.

Сенбі күні Н.Подороска – Е.Рыбакина, М.-Л.Карле – Ю.Путинцева және жұптық сында Ярослава Шведова мен Анна Данилина – Н.Подороска мен М.-Л.Карле кездесулері жоспарланып отыр.

Сенбі күнгі ойындар сағат 19.30-да басталады.

Қазақстан – Аргентина матчын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде сондай-ақ Украина – Жапония, Польша – Бразилия, Британия – Мексика, Сербия – Канада, Латвия – Үндістан, Румыния – Италия, Нидерланды – Канада матчтары өтеді. Жеңімпаздар шешуші іріктеу кезеңіне жолдама алады. Оған биылғы финалда 3-10 орын алған командалар қосылады. Содан кейін 2022 жылғы финалдық бәсекеге жолдама алған құрамалар анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Недовесов пен А.Голубевтің Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT