+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Теннис: "Қазақстан-Аргентина" матчында таразы басы қайта теңесті

2021 жылғы 18 сәуір 00:30
Бөлісіңіз:
Теннис:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кордова қаласында Билли Джин Кинг кубогының плей-офф кезеңінде «Қазақстан-Аргентина» матчында таразы басы қайта теңесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Тимофей Скатов Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты Теннис: Ярослава Шведова Римде әлемнің бірінші ракеткасына жол берді Теннис: Ярослава Шведова Рим турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық Юлия Путинцева аргентиналық Мария Лурдес Карлемен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда тай-брейкте Юлия әбжілдік танытты - 7:6 (7:3).

Екінші партияны Юлия тамаша бастады - 3:0. Алайда сет ортасында жарақат алып қалды. Соның салдарынан екі рет матчқа допты дұрыстап бере алмады. Тай-брейкте аргентиналықтың бағы жанды - 7:6 (7:3).

Үшінші сет басталысымен Юлия жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты.

Осылайша матчта есеп теңесті - 2:2. Енді матч тағдыры жұптық кездесуде шешіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Қазақстан - Аргентина матчын жеңіспен бастағанын, сосын есептің теңескенін, Е.Рыбакинаның командасын алға шығарғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT