Теннис: Индиан-Уэллс турнирінде Путинцева да жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллс турнирінің екінші айналымында әлемнің 8-ракеткасы, германиялық Анжелика Кербермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 47-орында тұрған Ю.Путинцева қарсыласына еш қайран қыла алмады.

А.Кербер екі партияда 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Неміс теннисшісі үшінші айналымда ресейлік, рейтингте 112-сатыда тұрған Наталья Вихлянцевамен шеберлік байқасады. Ол екінші матчында әлемнің 24-ракеткасы, испаниялық Карла Суарес Наварроны ұтып кетті.

Осылайша Индиан-Уэллс турнирінде жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Индиан-Уэллс турнирінің алғашқы айналымынан аса алмағанын жазған болатынбыз.

Оның алдында Зарина Дияс та ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар