Теннис: Григорий Ломакин халықаралық турнирді сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин халықаралық турнирге қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

15 шілдеде Ломакин екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Біріншісінде қазақстандық теннисші Ұлыбританиялық Митчелл Джонсонды 3:6, 6:4, 10:8 есебімен сүріндірді. Екінші кездесуінде АҚШ спортшысы Себасьтян Мурильді 6:2, 6:2 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Айта кетерлігі, Ломакин ATP рейтингінде 879-шы орында келе жатыр.
Соңғы жаңалықтар