Теннис: Голубев пен Скатов Шымкент турнирін сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Тимофей Скатов Шымкент челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Голубев алғашқы айналымда ресейлік Антон Чеховты 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Т.Скатов әлемдік рейтингте 426-орында тұрған Израиль елінің өкілі Бен Рафаэлды 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Тағы бір қазақстандық Достанбек Ташбулатов әлемнің 395-ракеткасы, украиналық Илья Марченкодан 2:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды.

12 мамырда мәреге жететін аталмыш жарысқа Қазақстаннан сондай-ақ Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Александр Недовесов, Денис Евсеев, Григорий Ломакин қатысуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың АҚШ-тағы турнирдің, ал Зарина Диястың Жапониядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы, Мадрид турнирін жеңіспен бастаған Юлия Путинцева бүгін франциялық Полин Пармантьемен ойнайды.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 40-ракеткасы Михаил Кукушкин бүгін Мадрид турнирінің алғашқы айналымында германиялық Филипп Кольшрайбермен кортқа шығады.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик бүгін жаңартылған рейтингте 96-дан 94-орынға көтерілсе, Зарина Дияс үздік 100 теннисшінің қатарына енді.

Соңғы жаңалықтар