Теннис: Голубев пен Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің финалына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп жартылай финалда колумбиялық Николас Баррьентос пен аргентиналық Факунда Менамен күш сынасты.

Бірінші партияда Голубев пен Недовесов 7:5 есебімен басым түсті.

Екінші сетте де қазақстандықтар есесін жібермеді – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды.

Қазақстандықтар финалда украиналық Илья Марченко мен португалиялық Гонсалу Оливейра немесе оңтүстіккореялықтар Чунг Юн-Сон мен Нам Джи Сонның қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің АҚШ-тағы Ньюпорт турнирінің ширек, А.Голубев пен А.Недовесовтің Нұр-Сұлтан жарысының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Тағы бір қазақстандық Елена Рыбакина Бухарест додасында ширек финалға өтті.



Фото: prosports.kz


Соңғы жаңалықтар