+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Теннис: Голубев пен Недовесов Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шықты

2020 жылғы 12 наурыз 17:08
Бөлісіңіз:
Теннис: Голубев пен Недовесов Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: елордада ерлер арасында халықаралық турнир өтеді Теннис: Қазақстан Дэвис кубогының финалдық турниріне жолдама алды Дэвис кубогы: Голубев пен Недовесов Қазақстанды алға шығарды

А.Голубев пен А.Недовесов ширек финалда отандастары Тимур Мәуленов және Достанбек Ташбулатовпен кездесті.

Голубев пен Недовесов небәрі 40 минутқа созылған бәсекеде 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

А.Голубев пен А.Недовесов финалға шығу үшін тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко мен аустриялық Юрий Родионовпен таласады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев ресейлік Алексей Захаровпен бірге ширек финалда Нидерланд өкілдері Таллон Грикспур мен Ботик Ван де Зандшульппен шеберлік байқасуда.

Өкінішке қарай, аталмыш додада жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада ерлер арасында халықаралық турнир өтетінін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT