Теннис: Голубев пен Недовесов Нұр-Сұлтан турнирінде жеңімпаз атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп финалда оңтүстіккореялық Чунг Юн-Сонмен және Нам Джи Сонмен кездесті.

Голубев пен Недовесов екі партияда да 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандықтар жекелей сында мұндай нәтижеге жете алмай, жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Голубев пен А.Недовесовтің Нұр-Сұлтан турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар